Павлодар облысында прокурорлар балалардың құқықтарын қорғауда

Павлодар облысында прокурорлар балалардың құқықтарын қорғауда

Прокурорлар мүдделі органдармен бірлесіп, алиментті өндіріп алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Мәселен, жыл басынан бері 875 млн теңге сомасына қарыздар өтелді,

330 борышкерге жұмыспен қамту органдарында есепке тұру туралы хабарламалар табысталды, 91- жұмысқа орналастырылды, 38-інде жүргізуші құқығы тоқтатылды.

Рейдтік шаралар барысында борышкерлердің 6 көлік құралы айыппұл тұрағына қамалды, құны 22 млн теңгеден асатын сомада 8 жылжымайтын мүлік өндіріп алушыларға қарыздарды өтеу есебіне берілді.

Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 34 борышкер қылмыстық жауаптылыққа, 260 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

ҚК-тің 139-бабы бойынша қылмыстық қудалау органдарына 58 борышкерге қатысты материалдары жолданды.

Естеріңізге салсақ, аталған бап бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Алимент өндіріп алу бойынша жұмыс облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 

Павлодар облысының прокуратурасы