
2024 жылдың 1 қарашасында облыс прокуроры Берік Жүйріктаевтің төрағалығымен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен Полиция департаментінің жеке құрамымен кеңес өткізілді.
Кеңесте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың себептері, алаяқтық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің қазіргі заманғы әдістері талқыланды. Алаяқтықтың жаңа схемаларын анықтау, интернет арқылы есірткі таратуды тоқтату және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша қолданыстағы тәсілдерді жаңарту үшін кешенді шаралар ұсынылды.
Білім беру мекемелерінде мектеп инспекторларының қызметін қайта жандандыру, «Киберпол» бөлімшесінің штатын кеңейту және заманауи бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау, сондай-ақ Полиция департаментінің бейінді басқармаларының құрылымын қайта қарау бастамасы көтерілді.
Мектептерде құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік атмосферасын қалыптастыруды көздейтін «Қауіпсіздікте оқимыз» жобасы іске қосылды.
Координациялық іс-шараның қорытындысы бойынша әр лауазымды тұлға үшін нақты мерзімдер, индикаторлар, мақсаттар және жауапкершілік белгіленді.
Павлодар облысының прокуратурасы