
Мемлекет басшысы прокуратура органдарына кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын сүйемелдеу міндетін жүктеді.
Ағымдағы жылдың басынан Павлодар облысының прокуратурасы инвесторлардың 18 проблемалық кейсін шешті.
Олардың мәселелері заңнаманың әртүрлі салаларына қатысты болды.
Мысалы, Ертіс ауданында «Әмір PV» ЖШС-і бір жарым ай бойы жер учаскесін жалдау шартын алу мәселесін шеше алмаған.
Олардың бірнеше рет білдірген өтініштеріне Ертіс ауданының әкімдігі жасанды әкімшілік кедергі жасап, әрекетсіз болған.
Тек қадағалау органының араласуынан кейін ғана инвесторға шарт беріліп, жер учаскесі тиісті түрде тіркелген.
Басқа жағдайда Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Павлодар облысы Экология департаментінің әкімшілік материалын зерделеу кезінде «Ақтоғай-АГРО» ЖШС-не қатысты инвестордың қызметін тоқтата тұруға байланысты бұзушылықтарды анықтаған.
Табиғат қорғау прокуратурасымен қабылданған шараларымен инвестордың қызметін тоқтата тұруға жол берілмеген.
Павлодар облысының прокуратурасы