Павлодар прокурорлары әлеуметтік көмек алу кезіндегі теңдікті қалпына келтіруде

Павлодар прокурорлары әлеуметтік көмек алу кезіндегі теңдікті қалпына келтіруде

Павлодар облысының прокуратурасы мемлекеттік көмек алу кезіндегі әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан 27 мың азаматтың құқықтарын негізсіз шектеу фактілерін анықтады.

Өңірде азаматтарға әлеуметтік маңызы бар аурудың 13 түрінің орнына 5 түрі бойынша  ғана мемлекеттік көмек төленген.

Қадағалау актісі бойынша Ақсу қаласының нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізілді, енді аурудың әртүрлі түрлеріне шалдыққан 1 366 азамат қосымша 50 млн сомаға (әр адамға жыл сайын 10 АЕК) арнаулы төлемдермен қамтылды.  

Облыстың қалған қалалары мен аудандарында 700 млн теңгеден астам сомаға қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыстар, сондай-ақ бюджетті қайта қарау және нормативтік құқықтық актілерді қабылдау (өзгерту) бойынша тиісті рәсімдер жүргізілуде.

Қазіргі уақытта кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе қаралуда.

 

Павлодар облысының прокуратурасы