Заңсыз жер салығының күші жойылды

Заңсыз жер салығының күші жойылды

Ақсу қалалық мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50% - ға дейін ұлғайтқан.

Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді.

Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді.

Нәтижесінде салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Баянауыл ауданының прокуратурасы аумақтық мәслихаттың 650-ден астам бизнес субъектілерінің құқықтарын қозғайтын осындай шешіміне наразылық білдірді.

 

Павлодар облысының прокуратурасы