Павлодар қаласының прокуратурасына Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің әрекетімен келіспеу мәселесі бойынша зейнеткер жүгінді.
Уәкілетті орган өтініш берушіге 1989-1998 жылдар аралығындағы жеңілдетілген еңбек өтілін есептемегені анықталды. Бұл оның зейнетақы төлемдерінің көлеміне әсер етті.
Қадағалау актісіне сәйкес еңбек өтілі ескеріліп, зейнетақы жарналарының мөлшері көбейіп, қарт адамның конституциялық құқығы қорғалып, кінәлі тұлға жазаланды.
Павлодар облысының прокуратурасы