Павлодар прокурорлары стихиялық сауданы ретке келтірді

Павлодар прокурорлары  стихиялық сауданы ретке келтірді

Павлодарда кәсіпкерлерге көшпелі сауда орындары конкурссыз берілетіні анықталды, бұл олардың арасындағы «адал» бәсекелестікті шектейді.

Сонымен қатар сауда павильондарын сенімгерлік басқаруға беру кезінде бизнес субъектілері үшін әкімшілік кедергілер жасалған.

Атап айтқанда, шарттарда бағаларды, ассортимент пен жұмыс кестесін әкімдікпен келісу қажеттілігі туралы негізсіз талаптар қойылған.

Қадағалау актісі бойынша шарттар заңға сәйкес келтіріліп, көшпелі сауданы конкурстық негізде ұсыну тәртібі бекітілді.

 

Павлодар облысының прокуратурасы