Павлодар облысының прокуратурасында кісі өлтіру қылмыстары бойынша кеңес жүргізілді

Павлодар облысының прокуратурасында  кісі өлтіру  қылмыстары бойынша кеңес жүргізілді

Қылмыстық қудалау органдарының кісі өлтіру, оның ішінде «өткен жылдардағы» қылмыстарды ашу және тергеу бойынша қабылдаған шараларының толықтығы мен тиімділігі мәселелері облыс прокуратурасы алқасының отырысында қаралды.

Отырысқа Полиция департаменті, оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кісі өлтіру қылмыстарын ашу және тергеу бойынша профилактикалық жұмыстар, сот-тергеу және жедел тәжірибелер талқыланды.

Алқа қорытындысы бойынша кісі өлтіру қылмыстарының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды қабылдау, жедел-іздестіру іс-шараларын жандандыру және азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермей, сапалы тергеуді қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. 

 

Павлодар облысының прокуратурасы