Есірткі сатушылар заң бойынша жауап берді

Есірткі сатушылар заң бойынша жауап берді

2024 жылғы 03 сәуірде Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш азаматқа жалпы салмағы 91,5 кг психотроптық заттарды өткізу мақсатында дайындағаны және сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Жалпы ағымдағы жылы есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін 23 адам сотталды. 

Облыс прокуратурасы есірткі құралдарын дайындағаны, сақтағаны және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді және жылдам табыс алу мақсатында осы заңсыз қызметпен айналысу туралы ғаламторда тез таралатын ұсыныстарға берілмеуге шақырады.

 

Павлодар облысының прокуратурасы