Прокуратура балалар құқықтарының бұзылуын анықтау үшін телеграмм-бот енгізді

Прокуратура балалар құқықтарының бұзылуын анықтау үшін телеграмм-бот енгізді

Павлодар прокурорлары қорқыту, зорлық-зомбылық және балалардың құқықтарын басқа да бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында «SafeChild» телеграмм -ботын әзірледі (@safe_child_bot).

Онда балалар немесе басқа адамдар мұндай фактілер туралы фотосуреттер мен бейнематериалдарды қоса бере отырып, жасырын түрде хабарлай алады.

Павлодар тұрғындары мен қонақтарын балаларға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарлауға шақырамыз.

Павлодар қаласы прокуратурасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы жалғасуда.

 

Павлодар облысының прокуратурасы