Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу прокуратура органдары қызметінің басым бағыты.
А.ж. ақпанда облыс прокуроры «Павлодар» АЭА қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
Онда кәсіпкерлермен жергілікті атқарушы органның ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін бермеуі туралы мәселесі айтылды.
Прокурорлар жер беру мәселелерін келісу бойынша «GEOPAVLODAR» ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі болып табылатын әуре-сарсаңның себебін анықтады.
Ақпараттық жүйе ұзақ уақыт бойы жұмыс істемегені белгілі болды. Сонымен қатар коммуналдық қызметтердің жауапты тұлғаларының оны қолдануға құқығы болмаған.
Сондай-ақ жердің бөлу схемасын келісуге жіберілетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тізбесі бекітілмеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Павлодар әкімдігі тиісті құжаттарды бекітті, ақпараттық жүйе заң талаптарымен сәйкестендірілді, 3 инвесторға Арнайы экономикалық аймақта жер учаскелері бөлінді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда.
Павлодар облысының прокуратурасы