Прокурорлар балалардың заңды асырауға құқығын қалпына келтірді

Прокурорлар балалардың заңды асырауға құқығын қалпына келтірді

Ағымдағы жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша облыс прокуратурасының алқасында алимент өндіріп алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін тексеру нәтижелері талқыланды.

Прокурорлық тексеру алимент бойынша көпмилионды берешектер кезінде сот орындаушыларының әрекетсіздігі фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, олар мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша барлық шараларды қабылдамады, борышкерлердің жалақысынан алимент ұстамады, мүлікке тыйым салмады, шығуға шектеулер қоймады.

35 атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер бірнеше жылдан бері қайтыс болды, ал сот орындаушылары бұл туралы білмеді.

Бұдан басқа облыс бойынша алимент бойынша нақты берешек белгіленді, ол сот орындаушыларының ресми базаларында көрсетілген сомадан бірнеше есе артық, бұл нақты статистиканы бұрмалайды.

Облыс прокуратурасы органдарының барлық заң бұзушылықтары бойынша қадағалау актілер енгізілді, кінәлі адамдар жазаланды.

Жалпы, а.ж. наурызда прокуратураны үйлестіру кезінде алимент бойынша 170 млн теңге төленді, 52 борышкер жұмысқа орналастырылды, 250 баланың құқықтары қалпына келтірілді.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін 53 борышкер әкімшілік, 6 - қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Павлодар облысының прокуратурасы