Облыс прокуратурасында қылмыстың алдын алу мәселесі талқыланды

Облыс прокуратурасында қылмыстың алдын алу мәселесі талқыланды

Павлодар облысының прокуратурасында қоғамдық орындарда, алкогольдік мас күйінде, сотталған адамдар мен рецидивистер жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесі өткізілді.

Алкоголь өнімін заңсыз өткізуге қарсы іс-қимыл, пробацияның есеп беретін қызметтерін, бұрын сотталған адамдар мен рецидивистерді бақылау мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша осы саладағы жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірленді, ол үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылды.

 

Павлодар облысының прокуратурасы