Павлодар қаласының прокуратурасы студенттер үшін көрнекі процесс ұйымдастырды

Павлодар қаласының прокуратурасы студенттер үшін көрнекі процесс ұйымдастырды

Алаяқтықтың алдын алу мақсатында Павлодар қаласы прокуратурасының бастамасымен сотқа колледж студенттері қатыстырыла отырып,  көрнекі процесс өткізілді.

Бұл процесс алаяқтықпен байланысты құқық бұзушылықтардың өсуіне байланысты, сондай-ақ жастар қылмыстық қудалау орбитасына тартылатындықтан,  оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Екі сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталып, сот үкімі бойынша олар 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Прокуратура қызметкерлері сот процесі аяқталғаннан кейін профилактикалық әңгіме жүргізді, құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін заңнамалық нормаларды түсіндірді.

 

Павлодар облысының прокуратурасы