
Павлодар облысының прокуратурасы «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметінде тұтынушылардың реттелетін қызметке қол жеткізуін шектейтін табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы өрескел бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, техникалық шарттар болған жағдайда монополист жаңадан қосылатын әлеуетті және қызметті пайдаланудағы кәсіпкерлерден (абоненттерден) құрылыс жобасын келісуді талап еткен.
Олардан суды ағызып, сумен жабдықтау желілеріне қосқаны үшін 60 мың теңгеге дейін негізсіз төлем алынған.
Анықтама: барлығы 137 мың абонент, оның ішінде жеке тұлғалар – 133 мың, бюджеттік ұйымдар және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер – шамамен 4 мың.
Қадағалау актісі бойынша ЖШС-нің заңсыз қызметінің жолы кесіліп, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі жойылды, сумен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.
Монополист ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі (табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша 6 млн теңге айыппұл төлеумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Павлодар облысының прокуратурасы