
Қайырымдылық күнінің аясында Павлодар облысының прокуратурасы қарттар үйінің тұрғындары үшін іс-шара ұйымдастырды.
Онда прокуратура қызметкерлері қарттарды көктемгі мерекелерімен құттықтап, тілектерін білдіріп, тұрмыстық техника және тәтті сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ кездесу барысында прокурорлар оларға қадағалау қызметі және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Өз кезегінде қарттар үйінің тұрғындары көрсетілген қамқорлық үшін алғыстарын білдіріп, прокурорларға қызметте табыс тіледі.
Павлодар облысының прокуратурасы