Екібастұзда ферроқорытпа зауытын салу үшін инвесторға жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу жеделдеттірілді.

Екібастұзда ферроқорытпа зауытын салу үшін инвесторға жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу жеделдеттірілді.

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Екібастұз қаласында «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС ферроқорытпа зауытының құрылысы солардың бірі болып табылады. Өндіріске салынған инвестициялар 92 млрд. теңгені құрайды, бұл 800 тұрақты жұмыс орнын құру, экспорттық өнімнің едәуір көлемі және салықтардың түсуі.

Белгіленген мерзімде темір жол құрылысын аяқтау бойынша шешілмеген проблемаларды салдарынан, келіп түсетін жабдықтардың көлемі қысқарды.​

Зауыттағы құрылыс-монтаж жұмыстары кешіктірілуіне байланысты инвестор прокуратураға жүгінді.

Аталған факті бойынша облыс әкімдігінің атына ұсыну енгізілді. Осыдан кейін жергілікті атқарушы орган инвестордың заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдады. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвестициялық жобаны сүйемелдеуді жалғастыра отырып, Павлодар облысы прокуратурасының Фронт-офисінің отырысында инвестордың технологиялық жабдықты монтаждау үшін шетелдік мамандардың келуіне шақыруларды келісу тәртібі мәселесі қаралды.

Сондай-ақ күн тәртібінде кәсіпорынды жергілікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі тұр, бұл 300-ден астам бейінді мамандар.

Аталған міндеттерді іске асыру кезінде созбалау мен басқа да әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.​

Павлодар облысының инвесторлары проблемалық мәселелер туындаған кезде Бизнес және инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтың 8-707-960-76-55, 31-50-75 телефоны бойынша жүгіне алатынын естеріңізге саламыз.

Прокуратура инвестордан келіп түскен әрбір өтінішті жедел қарайды.

Бүгінгі таңда қадағалау және үйлестіру шараларымен өңірдің 10 инвесторына көмек көрсетілді.

Павлодар облысының прокуратурасы