Инвесторлар өз жобаларын сүйемелдеу үшін прокуратураға жүгінуді жалғастыруда

Инвесторлар өз жобаларын сүйемелдеу үшін  прокуратураға жүгінуді жалғастыруда

Павлодар облысының прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, Успен ауданында «БИК» ШҚ инвестиция сомасы 3,1 млрд. теңгеге 20 жаңа жұмыс орнын құратын «500 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу» жобасын іске асыруда.

Бүгінгі таңда жобаға шамамен 1 млрд. теңге өз қаражатын салған.

Нысанды салу кезінде инвестор мемлекеттік қарыз алу проблемасына тап болды.​ ​

Осыған байланысты аудан прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырды, онда инвесторға кредитті ресімдеу және қажетті құжаттарды жинау мәселелері бойынша жәрдем көрсетілді.​ ​ ​

Нәтижесінде шаруа қожалығына 500 млн. теңге сомасында кредиттік қаражат берілді (бірінші транш).

Осы ақшаға инвестор Ресейден және Еуропа елдерінен қажетті құрылыс материалдарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Нысандағы жұмыстар жалғасуда.​ ​

Проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа 8-707-960-76-55, 31-50-75 телефон нөмірлері арқылы жүгіне алатынын естеріңізге саламыз.

                  Павлодар облысының прокуратурасы