Алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің ерекшеліктері

Алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің ерекшеліктері

Алқабилер соты қоғамның әділдігі ме, әлде сотталушының соңғы мүмкіндігі ме?

Алқабилер сотын қазіргі Қазақстан заңнамасындағы англо-саксондық құқықтық жүйенің элементі деп атауға болады.

Біз білетін бұл институттың отаны - ортағасырлық Англия, онда құқық бұзушы айыптау өкілдеріне қарсы 7 кепілгер-отырысшыларды ұсынуға құқылы болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша сотталушының кінәсі туралы түпкілікті шешім қабылданды.

Сол қатал уақыттың заңдары патшалар мен теологтардың билігіне негізделді, сондықтан қарапайым халықтан құрылған алқабилер соты толығымен сенетін шынайы әділеттіліктің бір бөлшегі болды.

Қоғам дамыған сайын сот процесі де дамыды. Уақыт өте келе, алқабилер соты осы институттың басқа Еуропа елдерінде кеңінен енгізілуіне байланысты одан да кең таралды.

Алқабилер сотын сот ісін жүргізудің басқа нысандары арасындағы бәсекелестік пен объективтіліктің «эталоны» және сәйкесінше демократияның ажырамас атрибуты деп атауға болады.

Бұл институттың елде болуы және оның жұмысының нәтижелері Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының анықтаушы индексі болып табылатынын айта кету керек.

Қазақстанда алқабилер соты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Институттың қалыптасуының бастапқы кезеңінде алқабилер соты негізінен кісі өлтірді деген айыппен байланысты аса ауыр істерді қарады. Уақыт өте келе, қаралған істер санының артуына қарай заң шығарушымен алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының саны көбеюде.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тізім 12-ден 36 құрамға дейін кеңейтілді, яғни 3 есе ұлғайды.

Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізуге байланысты істердің нақты санаттары бойынша:

1) төтенше жағдайлар және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;

2) бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздері мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;

3) террористік және экстремистік қылмыстар;

4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;

5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;

6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар бойынша сот ісін жүргізуге тыйым салынады.

Осылайша, мемлекет сотталушының алқабилер сотын өзінің кінәсіздігіне сендіру арқылы өзін-өзі ақтауға көбірек мүмкіндігі болатын жағдайлар жасау үшін шаралар қабылдауда.

Алқабилер институтына деген сенім туралы статистика да көрсетеді, оған сәйкес 2022 жылдың 12 айында Павлодар облысында алқабилер соты 6 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық істі қарады, 2023 жылдың 8 айында 10 тұлғаға қатысты 6 іс қаралды және 6 тұлғаға қатысты тағы 5 іс қаралу сатысында.

Алқабилер институтының тиімділігінің жарқын мысалы ретінде-электронды ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау жасады деген айып тағылған Ч.С-ға қатысты қылмыстық іс болып табылады.

Алқабилер сотының 18.07.2023 жылғы кесімімен қылмыстық істі қарау және болған оқиғаның барлық мән-жайларын зерделеу нәтижелері бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 5-тармағы бойынша сотталып және оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жарыспалылықтың барлық қағидаттарын сақтай отырып, қорғаушы тарап алқабилерді Ч.С.- ның кінәсіздігіне сендіре алмады.

Айыпталушының құқықтары мен міндеттері сот талқылауы барысында сот ісін жүргізудің басқа түрлерімен бірдей болады. Алқабилердің қатысуымен істі қарау оларды кеңейтпейді және шектемейді.

Алқабилердің қатысуымен сотты ұйымдастыру процесі облыстық әкімдіктермен әртүрлі кәсіп пен білімді азаматтардың арасынан алқабилерге кандидаттардың тізімін қалыптастырудан басталады. Дайын тізімдер сотқа беріледі, ал жеке сот отырысында қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген рәсімге сәйкес негізгі құрамның 10 алқабилері мен 2 қосымша құрамы іріктеледі.

Азаматтарды алқабилерге кандидаттардың тізіміне тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша енгізуге қандай да бір шектеулерге жол берілмейді.

Бұл ретте, кандидаттардың тізімдеріне тізімдер жасау сәтіне жиырма бес жасқа толмаған; өтелмеген не алынбаған соттылығы бар; сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар және судья, прокурор, тергеуші, адвокат лауазымдарын атқаратын адамдар, мемлекеттік қызметші, әскери қызметші, сондай-ақ құқық қорғау органының қызметкерлері енгізілмейді.

Алқабилерді іріктеуді сот қорғаушы және айыптаушы тараптың қатысуымен жеке сот отырысында жүргізеді. Оларға істі сот қарауы кезінде алған мәртебесіне байланысты құқықтар мен міндеттер толық көлемде түсіндіріледі. Осыдан кейін сот істі мәні бойынша қарауға кіріседі.

Кез келген шешімді қабылдай отырып, алқабилер ар-ожданы және тек істі сот талқылауында жасаған қорытындыларын басшылыққа алады. Соңғы шешім көпшілік дауыспен қабылданады.

Барлық жағымды аспектілерге қарамастан, шешімдері жалпы қылмыстық процестің дамуына оң әсер ететін алқабилер институтының мәселелері бар.

Бірінші мәселе - алқабилер сотымен қылмыстық істерді қараудың ұзақтығы.

Сот алқабилердің қатысуымен істі қарау барысында әрбір кезең заң талаптарына сәйкес алқабилерді іріктеу қажеттілігіне және өзге де ресми рәсімдердің болуына байланысты ұзақтығымен ерекшеленеді.

Екінші мәселе - алқабилер алқасын жинақтаудың қиындығы.

Көбінесе облыс әкімдігі қалыптастырған алқабилерге кандидаттардың тізімдері қойылатын талаптарға сәйкес келмей жатады. Кандидаттар арасында мемлекеттік қызметшілер, бұрын сотталған адамдар, әрекетке қабілетсіз адамдар жиі кездеседі. Бұл алқабилерге сапалы және жылдам іріктеуді қиындатады және процеске қатысушыларды болашақта өз құқықтарын іске асыру үшін кандидаттардың кең таңдауынан айырады.

Үшінші және қорытынды мәселе алқабилердің қатысуымен көлемді қылмыстық істерді қараудың қиындығы болып табылады.

Кез келген сот процесі процеске қатысушылар үшін орасан зор шиеленіспен сипатталады, ал көлемді істер, тіпті судья, прокурор және адвокат сияқты кәсіби дайындалған қатысушылар үшін де қажытарлық.

Қызметінің сот төрелігімен ешқандай байланысы жоқ қарапайым азаматтар қатарындағы алқабилер үшін ұзақ процестерге қатысу және тараптар өздерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін ұсынатын ақпараттың үлкен көлемін игеру қиын болып табылады.

Павлодар облысы прокурорының орынбасары

әділет кеңесшісі

Әділет Сыздықов