Жер заң бойынша

Жер заң бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары жер қатынастары саласында жүйелі қадағалау жүргізеді.

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 70%  жер бар, олардың басым бөлігі жеке меншікте және жер пайдалануда.

Тексеріс барысында елді мекендер шегінде жайылымдық жерлер мен егістіктер үшін жер учаскелерін беріп, міндетті конкурстық рәсімдерді елемей, пайдаланғаны үшін төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, бір учаске бойынша жалға алудың жылдық құны 50 млн. теңгенің орнына 60 мың теңге деп белгіленген. 

Анықталғандай, халықтың қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлер тапшылығы бола тұра, олар «бір қолға» берілген. 

Мысалы, Ертіс ауданында 47 мың га тапшылық болса да, жер жеке тұлғаларға заңсыз берілген. 

Осындай фактілердің бірі бойынша аталған ауданда сот тәртібімен ауданы 3 мың гектардан асатын жайылымдарды қайтару қамтамасыз етілді. 

Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Тексерулер жалғасуда. 

Павлодар облысының прокуратурасы