Тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобы туралы

Тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобы туралы

Адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы болып табылады (Конституцияның 1-бабы).

Осыған байланысты қасақана адам өлтіруді жедел ашу және тергеу үшін Павлодар облысының Полиция департаментінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобы құрылды (әрі қарай-ТЖІ ЖТТ), оның құрамына жедел және тергеу бөлімшелерінің неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері кіреді.

Қызметті үйлестіруді Павлодар облысының прокуратурасы ай сайынғы кеңестер өткізу арқылы жүзеге асырады, онда жүргізілетін жедел-тергеу іс-шаралардың барысы тыңдалады, сондай-ақ жасалған қылмыстардың барлық нұсқалары пысықталады, соның негізінде белгілі бір нұсқаулар беріледі.

ТЖІ ЖТТ қызметінің нәтижелері бойынша соңғы үш жылда "өткен жылдары" жасалған қасақана кісі өлтірудің 7 фактісі ашылды.

Мысалы, ағымдағы жылдың наурыз айында Павлодар ауданы Пресновка ауылының аумағында 1994 жылы болған азамат Т.-ны өлтіру  қылмысы ашылды.

Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру, атап айтқанда, жедел іс-шаралар мен сот сараптамаларымен азамат Ч.-ның осы қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды, ол жәбірленушімен бірге туындаған жанжалға байланысты алкогольдік ішімдіктер ішіп, балтамен басына бірнеше рет соққы келтірген, осының салдарынан соңғысы оқиға орныңда қаза тапты.

Осы уақытта, азамат Ч. ауруына байланысты қайтыс болды (бауыр циррозы), жеткілікті дәлелдемелік базаның болуын және ұлының келісімін ескере отырып, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша, яғни күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылды (ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-б. 1-б. 11-т.).

Жалпы, адамның өміріне қатысты қылмыстарды ашу құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бұл бағыттағы жұмыс Полиция департаменті және облыс прокуратурасы басшылығының тұрақты бақылауында.