Пресс-релиз

Пресс-релиз

30.11.2022 жылы Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттерге жосықсыз қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді, ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Апат салдарынан бірнеше ондаған көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар жылудан ажыратылып, 123 тұрғын, оның ішінде балалар да эвакуацияланды. Білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.

Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Павлодар облысы прокурорының қаулысымен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды.

Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​