Құқық қорғау органдары академиясының түлектері

Құқық қорғау органдары академиясының түлектері

Павлодар облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қ.Ә. Әбдіхановтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының түлекері С.Қ. Қайратов, М.Ж. Тайғанов, М.Ж. Мизанбаев, Е.М. Арсалам, Н.С. Масабек прокуратура органдарына қабылданып, бос шұғыл лауазымдарға тағайындалды.  

Облыс прокуроры Қ.Ә. Әбдіханов қала прокуратураларының бөлім прокурорларына алдағы жұмыста сәттілік тілеп, әрқайсысына «3 сыныпты заңгер» бірінші сыныптық шенін беріп, табыстады.

Барлық оқырмандардың назарына, прокуратура органдарының алғашқы кәсіптік даярлығына іріктеу үшін құжаттардың қабылдауы ағымдағы жылдың шілде айында күтілуде. Мекен-жайымыз Павлодар қ., Лермонтов к., 3, байланыс телефондары 8(7182)315082, 315080, 87017006828.