Ойын сайттары бұғатталды

Ойын сайттары бұғатталды

Павлодар прокуратурасы шетелдік ойын сайттарының қызметін анықтады. Осылай «Vulkan», «Pokerdom», «Realmoney Action», «Jet Casino», «Selector», «Casino ratings» атауларымен интернет-ресурстарда онлайн-ойындарға (ақшалай қаражатты төлеу мүмкіндігімен) қолжетімділік  берілген.

Бұл ретте «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы электрондық казино мен интернет-казино қызметіне тыйым салады. 

Прокуратура интернет-ресурстарды заңсыз деп тану туралы тиісті талап арыз берді. Сот талап арыз талаптарын қанағаттандырды. Сайттар бұғатталды.