Азаматтық құқықты қалпына келтіру

Азаматтық құқықты қалпына келтіру

         Екібастұз қалалық соты аз. А-ны кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні есірткілік мас күйінде маршруттық автобуспен соққаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ауыр зиян келтірілді.

Сотта істі қарау барысында жәбірленуші тарап материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойды. Алайда сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Сонымен қатар Екібастұз қаласы прокуратурасының өтінішхаты бойынша облыстық сот (апелляциялық саты) бірінші сатыдағы соттың осы шешімінің күшін жойып, зардап шеккен тараптың материалдық және моральдық зиянды өтеу жөніндегі құқығын қалпына келтірді.