Азаптауға қарсы іс-қимыл

Азаптауға қарсы іс-қимыл

ҚАЖ мекемелеріндегі азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселелері прокурорлық қадағалаудың басымдығы болып табылады.

Биыл облыс колонияларындағы қадағалау шараларымен электрондық терминалдардың саны артты, қазір олардың саны 12-ге жетті (болғаны-5).

Олар сотталғандарға түрме әкімшілігінің көмегінсіз өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге, оның ішінде бейнеөтініш жіберуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ облыстың колониялары жаппай бейнебақылаумен жабдықталған.

Қазір оларда 718 бейнебақылау камералары бар, биыл қосымша 2 481 орнатылады, барлық көрінбейтін жерлер толық қамтылады, бұл кез келген заңға қайшы әрекеттердің жолын кесуге мүмкіндік береді.