Заңсыз аударылған сомалар бюджетке қайтарылды

Заңсыз аударылған сомалар бюджетке қайтарылды

Тереңкөл ауданының прокуратурасы қаржы-несие саласындағы қадағалау барысында бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерін анықтады. 

2021 жылы Береговой және Бобровка ауылдық округтерінің әкімдері кәсіпорындардың бірімен көшелерді орташа жөндеу бойынша 124,6 млн және 87,9 млн теңгеге шарттар жасасты.

Жұмыстар іс жүзінде тек 30,6 млн және 34,5 млн теңгеге орындалғаны анықталды, мердігер материалдар мен қиыршық тасты тасымалдаған, қиыршық тастан негіз дайындалған және т.б.

Алайда асфальт төсеу бойынша негізгі жұмыстар орындалмаған.

Орындалмаған жұмыстарға қарамастан, жергілікті атқарушы органдар серіктестіктің эскроу-шотына 147 млн теңге аударған.

Мердігердің атына эскроу-шот ашу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмегенін, ал оны пайдаланудың мақсаты бюджет қаражатын «формалды» түрде игеру болып табылатынын атап өткен жөн. 

Осыған ұқсас Успен ауданының прокуратурасы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық көлемі аяқталмай, 48 млн теңге соманы аудара отырып, «Успен ауданы, Ковалевка ауылындағы су құбырының сыртқы желісінің құрылысы» нысанын пайдалануға енгізу анықталған.

Аудандық прокуратуралардың қадағалау актілері бойынша аталған сомалар бюджетке қайтарылды, кінәлі тұлғалар тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.