Ауыл шаурашылығы министрі Е. Қарашөкеевтен хат

Ауыл шаурашылығы министрі Е. Қарашөкеевтен хат

         Облыс прокуратурасына Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеевтен Павлодар прокуратурасының қызметкерлерін адал жұмысы үшін көтермелеу туралы хат келіп түсті.

         Мәселен, өткен жылы ЖШС-нің бірі Павлодар аумағына 20 тонна көлемінде "Зебра чип" (Candidatus Liberibacter solanacearum) карантиндік объектісін жұқтырған тұқымдық картоп түйнектерін әкелген.

         Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ЖШС-нің іс-әрекеттерінен өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуын байқамаған, іс бойынша өндірісті тоқтатқан. 

         Павлодар прокурорының м.а. Ә. Саттыбаевтың апелляциялық өтініші бойынша облыстық сот бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жойды: компания ҚР ӘҚБтК 400-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып және өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейіннен Жоғарғы Соттың сот алқасы прокуратураның тұжырымдарымен келісіп, облыстық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды

          Сөйтіп, прокуратура органдарының араласуы нәтижесінде ауру жұқтырған картопты сатуға жол берілмеді.