Бизнес-қоғамдастық үшін көшпелі кездесу өткізу туралы

Бизнес-қоғамдастық үшін көшпелі кездесу өткізу туралы

Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Т.А. Әлібаев "Атамекен" ӨКП-мен бірлесіп Шарбақты ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Мұндай диалог алаңдарын ұйымдастырудың негізгі міндеті бизнестегі жүйелі проблемаларды белгілеу болып табылады. 

Оған аудан кәсіпкерлері, жергілікті әкімдік өкілдері, оның бөлімшелері, бақылаушы мемлекеттік органдар, сондай-ақ полиция өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер шаруашылық қызметін тежейтін тұтастай проблемаларды атап өтті. Олардың ішінде электрмен жабдықтаудағы іркілістер, электр энергиясына жоғары тариф, мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, кредиттеудің жеңілдікті шарттарының болмауы және тағы басқалары бар.

Талқылау нәтижелері бойынша прокуратура аудан кәсіпкерлері үшін әкімшілік және басқа да кедергілерді жоя отырып, айтылған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар мен шешу жолдарын әзірледі.

Осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.