7 мамыр «Отан қорғаушы күні», 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекелері қарсанында салтанатты жиын өтті

7 мамыр «Отан қорғаушы күні», 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекелері қарсанында салтанатты жиын өтті

7 мамыр «Отан қорғаушы күні», 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекелері қарсанында Павлодар облысының прокуроры Қ.Ә. Әбдіханов Ұлы Отан соғысына қатысқан Павлодар қ. Индустриалды ауданының прокуроры лауазымынан зейнетке шыққан прокуратура органдарының құрметті ардагері 97 жастағы Петр Иннокентьевич Ташлыковты және тыл еңбеккері Павлодар облысының прокуроры лауазымынан зейнетке шыққан прокуратура органдарының құрметті ардагері 93 жастағы Дмитрий Никифирович Фалеевті құттықтады.

Павлодар облысының прокуроры өз бұйрығымен ардагерлерімізді Құрмет грамотасымен марапаттап, тілектерін білдіріп, естелік ретінде сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.

Сондай-ақ, мерекелер қарсанында Павлодар облысының ұжымы толық құрамда салтанатты жиын өткізді.

Мерекеге прокуратура органдарының ардагерлері Б.Т. Мағзұмов, М.Ж. Жұмалин, М.Қ. Хамитов, Р.С. Акимбаев, Ю.В. Фельдман, Н.А. Щербинин, Ю.С. Никитин шақырылып, облыс прокуроры Қ.Ә. Әбдіхановтың бұйрығымен Құрмет грамотасымен марапатталды.

Әр қызметкерге марапат – үлкен қуаныш, облыс прокуратурасының 38 қызметкері түрлі марапатқа ие болды, оның ішінде ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен облыс прокурорының орынбасары М.Қ. Сламбековке «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісі, облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Ғ.А. Қалыбеков «Кіші әділет кеңесші» сыныптық шені мерзімінен бұрын табысталды.

Басқа да прокуратура органдарының қызметкерлері «Прокуратура үздігі» төс белгісімен, «Мінсіз қызмет үшін» медальдармен, Құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталынды.

Прокуратура органдарына жаңадан қабылданған жас қызметкерлер өз халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде АНТ қабылдады.