Ауыл еңбеккерлеріне төленетін төлемдер

Ауыл еңбеккерлеріне төленетін төлемдер

Мемлекет елді мекендерге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін тартуды ынталандыру арқылы ауылдық аумақтарды дамытуды реттейді. Оларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау қарастырылған («АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 18-бабы 5-тармағы).  

Бұл үшін Павлодар облысының жергілікті атқарушы органы аталған мамандардың лауазымдар тізбесін бекітті, олар үшін мәслихаттар төлемдер мөлшерін бекітті (жылына бір рет жүргізіледі).   

Алайда облыстың 316 ауылдық жұмыскері (кітапхана меңгерушілері мен білім беру ұйымдарының кітапханашылары) және басқа да мамандар аталған тізбеге енгізілмеген, ал оған енгізілген лауазымдар үшін төлемдер мөлшері әр түрлі, өйткені заңнамада бірыңғай мөлшерлеме көрсетілмеген (әлеуметтік қызметкерлер әртүрлі әлеуметтік жағдайда).

Облыстың кейбір аудандарында төлем мөлшері белгіленген (АЕК-ке байланысты емес), басқаларында төлем мөлшері 5 АЕК-ті құрайды және одан төмен.

Сонымен бірге коммуналдық тарифтердің, отын бағасының және т.б. жүйелі қымбаттауы жағдайында белгіленген мөлшерлемелер ауылдық аумақтарды тартымды ету үшін жеткіліксіз болып табылды.

Осыған байланысты облыс әкімдігінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді, соның нәтижесінде лауазымдар тізбесі едәуір кеңейтілді, сондай-ақ бүкіл Павлодар өңірі бойынша төлемдер мөлшерінің бірыңғай мөлшерлемесін бекіту туралы мәселе қаралды.