«Құқық бойынша жалдаушы»

«Құқық бойынша жалдаушы»

         Екібастұз қаласының прокуратурасы қала тұрғындарын жалдаушылар деп тану бөлігінде тұрғын үй комиссияларының қызметін талдады.

         Талдау нәтижелері бір кездері оған қоныстанған адамдарға мемлекеттік тұрғын үйді жалға беруден бас тартудың қалыптасқан тәжірибесі туралы көрсетті.

        Атап айтқанда, екі мыңыншы жылдары жергілікті атқарушы орган тұрғын үй қорын сақтау мақсатында азаматтарға уақытша жалдау шарттарын жасасып, пәтерлерге тұру мүмкіндігін берді.

        Алайда пәтерлерді әкімдіктің балансына қойғаннан кейін, онда тұратын адамдарға, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздердің болуына қарамастан, оларды жалдаушылар деп тану үшін тұрғын үйді жалға беруден бас тартылды.

        Нәтижесінде жүзден астам азамат сот шығындарын алып, сотта өздерінің тұрғын үй құқықтарын қорғауға мәжбүр болды.

        Азаматтардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша қала әкімдігіне ұсыну енгізілді, оларды жалдаушылар деп танудан бас тартудың заңсыз тәжірибесі жойылды.

        Енді екібастұздықтар мемлекеттік тұрғын үйге қоныстандыру туралы тиісті құжаттары (уақытша жалдау шарттары, әкімдік анықтамалары) болған жағдайда, оған өзінің заңды құқығын іске асыра алады.