Алимент төлемегені үшін үкім

Алимент төлемегені үшін үкім

Тереңкөл ауданының прокуратурасы тарапынан қадағалау және уәкілетті органдардың іс-қимылын үйлестіру нәтижесінде облыстың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған сотында Тереңкөл ауданының тұрғынына қатысты кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша үкім шығарылды.

Бұл азамат А. 2016 жылдан бастап кәмелетке толмаған қызын асырау үшін алимент төлемегені анықталды.

Осыған байланысты 2020 жылғы ақпанда сот шешімін орындамағаны үшін азамат А. ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ ол бұны түсінбей, алимент төлеуден жалтаруды жалғастырды. Нәтижесінде алимент бойынша едәуір берешек пайда болды (2 млн.теңгеден астам). 

Азамат А-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы  - кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүзеге асырылды және сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Қазіргі уақытта азамат А. ауданның шаруа қожалықтарының біріне жұмысқа орналастырылды, онда ай сайын жалақысынан ұстап қалып, алимент төленеді.