Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл

Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл

Павлодар ауданының прокуратурасы кең таралған пайдалы қазбаларды (құм) заңсыз өндіру фактісін анықтады.

2019 жылы азамат М. Мичурин ауылындағы су құбыры құрылыстарының жанында, сондай-ақ жалпы ауданы 16,7 м3 Омбы-Майқапшағай автожолының жанында аса ірі көлемде құмды заңсыз өндіру мен сатуды ұйымдастырып, сол арқылы қоршаған ортаға 311,5 млн. теңге зиян келтіргені анықталды.

Қылмыстық іс материалдарымен аз. М. кінәсі толығымен дәлелденді. Павлодар аудандық соты оған қатысты қылмыстық кодекстің 334-бабының 2-бөлігі бойынша айыптау үкімін шығарды және жер қойнауын пайдалануға байланысты ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді, кінәлі адам келтірілген залалды өтеуге бағытталған шаралар қабылдауда.