Прокуратураның өтініші қанағаттандырылды

Прокуратураның өтініші қанағаттандырылды

Облыс прокуратурасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен келіспеу туралы апелляциялық өтініш берді.

Бұрын осы шешіммен «Рубиком» ЖШС-нің Павлодар облысы Экология департаментінің экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасын заңсыз деп тану туралы талаптары қанағаттандырылған болатын.

Уәкілетті мемлекеттік орган Павлодар ауылы тұрғындарының елді мекенге тарайтын ерекше иіске қатысты көптеген шағымдары бойынша (оның ішінде БАҚ-та) кәсіпорынның мал шаруашылығы кешеніне тексеру жүргізгенін атап өтеміз. Кәсіпорынның атмосфераға ластаушы заттардың шекті жол берілетін шығарындылары жобасында қолайсыз метеожағдайлар кезінде шығарындыларды реттеу жөніндегі іс-шаралар жоқ екендігі анықталды. Бұзушылық фактілері бойынша «Рубиком» ЖШС-ға ұйғарым шығарылды.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында прокуратураның аталған өтініші қанағаттандырылды: Павлодар облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді, Экология департаментінің ұйғарымы заңды және негізді деп танылды.