
Павлодар қаласының прокуратурасы инклюзивті білім беру тетігін іске асыру барысында жүйелі кемшіліктерді анықтады. Көптеген мектептерде қажетті базалық инфрақұрылымның болмауы бейінді мамандарды тартуға кедергі келтіріп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 800 баланың сапалы білім алуға қолжетімділігін шектеген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджеттік қаражат бөлініп, 10 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері толық жабдықталып ашылды. Олар 325 оқушыны қамтиды.
Бұдан бөлек, 2027 жылға қаланың тағы 13 жалпы білім беретін мектебінде тиісті кабинеттерді ашуға бюджеттік қаражат көзделген.
Құрылған кабинеттер балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, олардың оқуына қажетті жағдай жасауға, сондай-ақ табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.