Прокуратура заңсыз су пайдаланудың фактілерінің жолын кесті

Прокуратура заңсыз су пайдаланудың фактілерінің жолын кесті

Екібастұз қаласының прокуратурасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су ресурстарын пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзғанын анықтады.

Жекелеген шаруашылық субъектілері арнайы су пайдалануға құқықтарын тиісті түрде ресімдемей, ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін сорғы және тамшылатып суару жабдықтарын пайдалана отырып, жалпы алаңы 2 мың гектардан астам жерден су алғаны анықталды.

Нәтижесінде 20 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.

Прокуратураның енгізген қадағалау актісін қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды.

Бюджетке су ресурстарын пайдаланғаны үшін 8 млн теңгеден астам қосымша төлем есептелді. Төрт ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен арнайы су пайдалануға арналған шарттар жасалып, тиісті рұқсаттар алынды.

Сонымен қатар, су есептеу құралдары ауыстырылды. Бұл нақты су алу көлеміне дұрыс бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.