
Павлодар облысының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың кірістерін жасыру фактілерін анықтады.
Салық тәртібіне жүргізілген талдау барысында тексерілген 73 жеке сот орындаушының 53-інде көрсетілмеген кірістер болғаны анықталды.
Прокуратураның араласуынан кейін 535,6 млн теңге ерікті түрде декларацияланды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бюджетке 53 млн теңгеден астам жеке табыс салығы есептеліп, төленді.
Сонымен қатар, салықтарды уақтылы төлемегені үшін 10,2 млн теңге өсімпұл өндірілді.
Салық міндеттемелерінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
Анықталған бұзушылықтарды жоймаған жеке сот орындаушыларына қатысты салықтық тексерулер жүргізу мәселесі қаралуда.