Баянауылда прокурорлар өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін тәжірибе жүзінде зерделеді

Баянауылда прокурорлар өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін тәжірибе жүзінде зерделеді

Баянауыл ауданының прокуроры мен мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ұлттық парк аумағы араланып, оның материалдық-техникалық базасы зерделенді, сондай-ақ өртті ерте анықтау жүйесінің техникалық мүмкіндіктері іс жүзінде тексерілді.

Парк ұжымымен кездесу өткізіліп, басшылықтың назары материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және орман қорын сақтауға қатысты өзекті мәселелерді жедел шешу қажеттігіне аударылды.

Сонымен қатар экологиялық және су заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында аумаққа әуеден шолу жүргізіліп, рұқсатсыз қоқыс үйінділері, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жүзеге асырылды.

Ұлттық паркке және уәкілетті мемлекеттік органдарға «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру аясында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ өрттердің алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шараларды күшейту ұсынылды.

Табиғи байлықтарды сақтау, орман қорын қорғау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу – прокуратура органдарының тұрақты бақылауындағы басым бағыттардың бірі.