Павлодар облысында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды

Павлодар облысында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды

Павлодар облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен 13 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды.

          Іске асырылған жобалардың қатарында Ақсу қаласындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту, Баянауыл ауданының Шоманкөл және Шонай ауылдарында су құбырларын салу, Ертіс ауданының Ленин ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылуы, Екібастұз қаласына қарасты Байет ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің, Күркөл, Мыңкөл және Ивановка ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысы, сондай-ақ Павлодар қаласындағы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту.

          Аталған жобаларды іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және мыңдаған отбасының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

          Бүгінде барлық нысандар пайдалануға беріліп, өңір тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.