Павлодарда прокурорлар балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Павлодарда прокурорлар балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Павлодар қаласының прокуратурасы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен қала кәсіпкерлері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және оларды спортпен шұғылдануға тартуға қосымша мүмкіндіктер жасау үшін тараптардың күш-жігерін біріктіру.

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, бизнес қауымдастығының өкілдері балаларды футбол және дзюдо секцияларына тегін негізде қабылдауға қолдау көрсетеді. Аталған бастаманы іске асыру кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында балаларға сыйлықтар мен спорттық киім сатып алуға арналған сертификаттар табысталды. Бұл шара мерекелік кездесудің жағымды жалғасына айналды.

Қала прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуы мен табысты әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастырады.