ПАВЛОДАРДАҒЫ ЕҢ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БІРІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҒАРТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ЕНГІЗІЛДІ

ПАВЛОДАРДАҒЫ ЕҢ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БІРІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҒАРТУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ ЕНГІЗІЛДІ

Павлодар қаласы прокуратурасының бастамасымен Павлодар мұнай-химия зауытында кәсіпорынның ішкі радиохабар тарату жүйесі арқылы қызметкерлерді орталықтандырылған құқықтық ақпараттандыру жүйесі енгізілді.

Күн сайын тәулігіне екі рет хабарлау жүйесі арқылы қызметкерлерге өзекті құқықтық ақпарат жеткізіледі. Аудиороликтердің тақырыптары интернет-алаяқтықтың алдын алу, жол қозғалысы қағидаларын сақтау, алименттік міндеттемелерді орындау, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарды шешу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігі сияқты ең өзекті мәселелерді қамтиды.

Жаңа формат өндірістік процестен қол үзбей құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді және кәсіпорынның 3 мыңнан астам қызметкерін күн сайын қамтуды қамтамасыз етеді.

Қызметкерлердің пікірінше, қысқа әрі мазмұнды аудиохабарламалар құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етіп, өз құқықтарын қорғау және міндеттерін орындау мәселелерінде дұрыс бағдар алуға көмектеседі.

Қала прокуратурасы халықты құқықтық ағартудың заманауи әрі қолжетімді нысандарын енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды шарты болып табылады.