
Павлодар облысында «Pavlodar Jaidarman: Заң мен тәртіп» атты ауқымды жастар әзіл-сықақ іс-шарасы өтті. Іс-шара Ertis Promenade сахнасында ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысты.
Бір сахнада Астана, Қарағанды, Семей және Павлодар қалаларынан келген үздік «Jaidarman» командалары бас қосты. Қатысушылар көрермендерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, азаматтық жауапкершілік және құқық бұзушылыққа төзбеушілік тақырыптарын қамтыған жарқын қойылымдар, әзіл-сықақ көріністері мен музыкалық нөмірлер ұсынды.
Іс-шараның басты ерекшелігі – заманауи жастар форматын маңызды әлеуметтік тақырыптармен ұштастыру болды. Әзіл, шығармашылық және ашық диалог арқылы қатысушылар мен көрермендерге заңға бағынудың маңызы, қоғамдық құндылықтарды құрметтеу және әр азаматтың жеке жауапкершілігі туралы ой салынды.