Павлодар облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқаты үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға арналған әлеуметтік бейнеролик дайындады. Еске саламыз, алимент өндіру жөніндегі әрбір атқарушылық іс жүргізудің артында баланың тағдыры тұр. Прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуына тұрақты түрде қадағалау жүргізіп, алимент төлемдерін өндіріп алу және ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдауда.
