Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» акциясы DJ Imanbek қатысуымен өтті

Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» акциясы DJ Imanbek қатысуымен өтті

Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» профилактикалық рейді аясында прокуратура мен полиция департаментінің қызметкерлері жолдардағы апаттылықты азайту және жүргізушілердің мәдениетін арттыруға бағытталған бірлескен акция өткізді.

Іс-шараға танымал қазақстандық музыкалық продюсер, «Грэмми» сыйлығының иегері — DJ Imanbek қатысты. Ол құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырды.

Рейд барысында жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану, мас күйінде көлік басқаруға жол бермеу және рөлде мұқият болу қажеттігі еске салынды.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамаларға танымал тұлғаларды тарту маңызды үндеулерді кең аудиторияға, әсіресе жастарға жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Облыс прокуратурасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият әрі тәртіпті болуға шақырады.