
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «А.Марғұлан атындағы» облыс прокуроры Алмат Байшолақовтың студенттермен және оқытушылармен кездесуі өтті.
Іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттауға арналды. Кездесу аясында студенттер дайындаған құқықтық тақырыптағы бейнероликтердің таныстырылымы өтті.
Өткізілген байқау қорытындысы бойынша бірнеше номинацияда студенттердің үздік жұмыстары анықталды. Олардың авторлары грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Облыс прокуроры қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі қоғамда құқықтық сауаттылықтың, белсенді азаматтық ұстанымның және заңды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.