Алимент бойынша борышкер сотталды

Алимент бойынша борышкер сотталды

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған 39 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қадағалау органының үйлестіру жұмысы мен полицияның күш-жігерінің арқасында заң бұзушының кінәсін дәлелдеуге болады.

Сөйтіп, төрт жылдан астам уақыт бойы әкесі 7 және 12 жастағы балаларын асырау міндеттерінен жалтарған.  Ол сот орындаушысының сот актісін орындау туралы талаптарын мүлдем елемеген. Екі күн әкімшілік қамауға алынғаны да ешқандай нәтиже бермеді.

Борышкердің бейресми түрде жұмыс істегенін және  тұрақты жалақы алып тұрғанын айтып өткен жөн.

Сот сөзсіз дәлелдерді ескере отырып, жетесіз әкені бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп тапты. Енді сот үкімінің негізінде борышкер мәжбүрлі түрде жұмыс істейтін болады. Сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда тағайындалған жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Үкімнің орындалуын бақылау пробация қызметіне жүктелген.