Павлодарда пара алғаны үшін лудоманиядан зардап шегетін түзеу мекемесінің қызметкері сотталды

Павлодарда пара алғаны үшін лудоманиядан зардап шегетін түзеу мекемесінің қызметкері сотталды

Павлодарда ойынға тәуелділігі бар түзеу мекемесінің қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысы – пара алу фактісі бойынша сотталды.

Прокурорлар сотталғандардың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы оң шешім шығару және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларына қайшы ұялы телефондарды алып өту үшін лауазымды тұлғаға заңсыз ақша аударғанын анықтады.

Ол заңсыз алынған қаражатты букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсаған.

Мемлекеттік айыптауды сапалы қолдаудың нәтижесінде 2026 жылғы 1 сәуірде сот оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ әділет капитаны арнайы атағынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.