
Қала прокуратурасымен мемлекет тарапынан мүлікке құқықтарды сатып алу кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізілді.
2024 жылы «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-нен қалалық әкімдіктің коммуналдық меншігіне жалпы баланстық құны 5,34 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қабылданған.
Алайда жергілікті атқарушы орган тарапынан 21 автокөлік құралына меншік құқығы тіркелмеген, бұл кейіннен азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты 82 атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салуға негіз болған.
Қадағалау актісі бойынша әкімдік талап-арыз жұмыстары жүргізіліп, сот шешімімен ауыртпалықтар алынып тасталды, нәтижесінде құны 235 млн теңгеден асатын мүлік мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Аталған арнайы техника қаланың коммуналдық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.