
Павлодар қаласының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг барысында КМҚК «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің» дәрігерлеріне жалақы төленбегенін анықтады.
Жүргізілген талдау нәтижесінде Еңбек кодексі нормаларының бұзылғаны расталды – мекеменің 57 қызметкері алдында жалпы сомасы 15 млн теңге көлемінде жалақы берешегі және 1,8 млн теңге мөлшерінде міндетті аударымдар бойынша қарыз қалыптасқан.
Павлодар облысының Спорт басқармасына енгізілген қадағалау актісі бойынша жалақы және міндетті төлемдер жөніндегі берешек толық өтелді.
Павлодар қаласының прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.